Оқиға
1 мин оқу 50

Абай облысында зорлау бабы бойынша сотталған қылмыскер түрмеден қашып кеткен

<p class="isSelectedEnd">Абай облысында уақытша ұстау изоляторынан қылмыскердің қашып кеткені туралы ақпарат тарады. Оқиға 22 маусым күні сағат 17:00 шамасында болған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Абай облысында зорлау бабы бойынша сотталған қылмыскер түрмеден қашып кеткен

1994 жылы туған қашқынның жүрген жерін анықтау үшін полиция қызметкерлеріне, сондай-ақ теміржол және автовокзалдар, әуежайлар, шекаралық бақылау бекеттері, қонақүйлер, базарлар мен такси қызметтеріне бағдарлама жолданған.

Абай облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл азамат 2021 жылы шартты түрде сотталған. Биылғы жылдың маусым айында ережелерді жиі бұзғаны үшін оның жазасы нақты бас бостандығынан айыру шарасына ауыстырылды. Серуендеу уақытында ол уақытша ұстау изоляторының аумағынан өз бетімен шығып кеткен. Көп ұзамай тәртіп сақшылары қашқынды қолға түсірді.

Еске салайық, Атыраудағы түрмеде тұтқын төбелестен кейін көз жұмды.

Бұған дейін Қызылорда облысында қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне ақша өткізбек болғандардың әрекеті әшкереленгенін жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Абай облысында зорлау бабы бойынша сотталған қылмыскер түрмеден қашып кеткен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар