Президент БАҚ қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
<p><strong>Президент отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан бір топ БАҚ қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</strong></p>

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы:
1. «Time kz» желілік басылымының бас редакторы – Руслан Фанилевич Бахтигареевке;
2. «Egemen Qazaqstan» газетінің Ақмола облысындағы меншікті тілшісі – Байқал Қайырлыұлы Байәділге;
3. «NewTimes kz» ақпарат агенттігінің фототілшісі – Әлібек Әбдубәкірұлы Ибраевқа;
4. «Qazaqstan» телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары – Қайрат Жанатұлы Мұсақұловқаберілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты:
1. «Baq kz» ақпарат агенттігінің аға тілшісі – Олжас Адайға;
2. «Хабар» агенттігі ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар қызметінің редактор-сарапшысы – Ботагөз Бейсенбайқызы Айтжановаға;
3. контентмейкер, креативті индустрияны дамыту жобаларының авторы – Жазира Жомартқызы Байдалыға;
4. «Zakon kz» ақпарат агенттігінің тілшісі – Екатерина Алексеевна Елисееваға тапсырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы Алғысы:
1. «Астана» телеарнасының шығармашылық ұжымына;
2. «Вечерний Алматы» газетінің шығармашылық ұжымына;
3. «Жас Алаш» газетінің шығармашылық ұжымына;
4. «Abai kz» ақпараттық порталының шығармашылық ұжымына жарияланды.
Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі. Президент ең алдымен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев: Газеттер мен телеарналар заман талабына сай дамып келеді
Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев газеттер мен телеарналар жаңа форматқа көшіп, инновациялық мультимедиялық платформа құрып, заман талабына сай дамып келе жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы жаңа Конституцияны қабылдауға журналистердің қосқан үлесін жоғары бағалады.