Әлем
1 мин оқу 50

Венесуэлада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 164 адамға жетті

<p class="PDq2pG_selectionAnchorContainer" data-start="24" data-end="165"><strong>Венесуэланың солтүстігінде болған жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 164 адамға жетті, ал жараланғандардың қатары 970-тен асты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</strong></p>

Венесуэлада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 164 адамға жетті

Бұл туралы республика президентінің өкілі Делси Родригес мәлімдеді.

Оның айтуынша, табиғи апат салдарынан қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін.

«Елде ондаған ғимарат қирап қалған», деді Делси Родригес.

Сондай-ақ ол адамдардың өмірін сақтап қалуға бағытталған өте күрделі құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Венесуэладағы жер сілкінісінен 30-дан астам адам қаза тапты

Еске салсақ, бейсенбіге қараған түні Венесуэланың солтүстігінде магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі болды. Кейінірек АҚШ-тың Геологиялық қызметі (USGS) араға 40 секунд салып, магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі жерасты дүмпуін тіркегенін хабарлады. Ел билігі төтенше жағдай режимін жариялады.

Бөлісу:
Венесуэлада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 164 адамға жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар