Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандар саны 4 адамға жетті
<p>Алматы облысының Алматы – Шелек – Қорғас тасжолында болған жол апатынан көз жұмғандар саны 4 адамға жетті. Апаттан кейін ауруханаға жеткізілген зардап шеккендердің бірі алған ауыр жарақаттарынан қайтыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апатынан кейін Шелек аудандық ауруханасына жеті адам жеткізілген. Дәрігерлер оларға қажетті медициналық көмек көрсеткен.
Зардап шеккендердің бірі амбулаториялық ем алуға жіберілсе, 2025 жылы туған сәби жағдайы тұрақтандырылған соң облыстық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылған.
Әл-Фарабидегі жол апатынан қаза тапқан қыздың әкесі күдіктіден 100 млн теңге талап етті
Қазіргі уақытта үш адам травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Тағы бір науқас жансақтау бөлімінде өте ауыр жағдайда жатыр.
Қайғылы жол апаты 23 маусым күні Алматы – Шелек – Қорғас тасжолының 132-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Haval көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Audi 100 автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан Audi көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, Haval жүргізушісі қамауға алынған.