Саясат
1 мин оқу 70
Еуроодақтан депортацияланған мигранттарды Қазақстан қабылдайды деген қауесетке нүкте қойылды
<p>Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев Қазақстанның өз аумағында Еуропа елдерінен депортацияланатын заңсыз мигранттарды немесе босқындарды орналастыру мәселесі бойынша Еуропалық одақпен ешқандай келіссөз жүргізбегенін мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бұл мәселе визалық диалог аясында да, реадмиссия мәселелері бойынша да талқыланбаған.
Ерлан Жетібаевтың айтуынша, визалық режимді жеңілдету немесе визалық өзара іс-қимылды дамыту мұндай міндеттемелерді қабылдауға негіз бола алмайды.
Бөлісу: