Экономика
1 мин оқу 40

Қытай мен Еуропа арасындағы жүк тасымалының 85%-ы Қазақстан арқылы өтеді

<p>IX &laquo;Қытай-Еуразия&raquo; халықаралық көрмесінің аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары &ndash; ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьер-министрінің орынбасары Дин Сюэсянмен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Қытай мен Еуропа арасындағы жүк тасымалының 85%-ы Қазақстан арқылы өтеді

Келіссөз барысында тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

Кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастық мәселесіне ерекше назар аударылды. Тәуелсіздік жылдары Қытай Қазақстан экономикасына $30 млрд-қа жуық тікелей шетелдік инвестиция құйып, еліміздегі ірі инвесторлардың біріне айналды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға, өзара сауда мен инвестицияны арттыруға, сондай-ақ БҰҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және «Орталық Азия – Қытай» форматы шеңберіндегі өзара іс-қимылды тереңдетуге дайын екендіктерін растады.

Бөлісу:
Қытай мен Еуропа арасындағы жүк тасымалының 85%-ы Қазақстан арқылы өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар