Құтқарушы
1 мин оқу 30
Шымкенттегі жеке қоймалар аумағында ірі өрт шықты: екі адам зардап шекті
<p>Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы Исфиджаб тұрғын алабында орналасқан жеке қоймалар аумағында ірі өрт болды. Өрт қысқа уақыт ішінде өршіп, қойма ғимараттарының шатырына таралған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жүк көлігінен төгілген дизель отыны мен аумақта сақталған резеңке бұйымдар да отқа оранған. Өрт ошағының маңында дизель отынымен толтырылған тағы бір жүк көлігі тұрған, бұл жалынның одан әрі күшею қаупін тудырған.
Оқиға салдарынан екі адам түрлі дәрежедегі күйік алып, ауруханаға жеткізілді.
Өртті сөндіруге 56 құтқарушы мен 30 техника жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Бөлісу: