Заң мен Тәртіп
1 мин оқу 20

Әлеуметтік желі жауапкершілігі

<p style="text-align: left;">Кейінгі кезде әлеуметтік желі&shy;лер&shy;де қарсы пікірлер, ел ішінде іріткі салатын жазбалар жария-ланып, қоғамды алауыздыққа итермелейтін арандатушылық әрекеттер жиі байқалып жүр. Осыған орай, Бас &shy;прокуратура мұндай әрекеттерге мүлдем жол берілмейтінін ескертіп, аза&shy;маттарға мәлімдеме жасады.</p>

Әлеуметтік желі жауапкершілігі

Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес алауыздықты қоздырғаны үшін жасалған іс-әрекеттің ауырлығына қарай 2 мыңнан 7 мың АЕК дейін айыппұл салынады, не 2 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру түріндегі жаза көзделген.

Бұған қоса, әлеуметтік желілерде заңға қайшы контент жариялауға жол берілмейді. Мұндай жазбаларда қылмыстық белгілер болмаса да, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-1-бөлігіне сәйкес 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Ал жалған ақпарат ­таратқандар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер ақпараттың жалған екенін біле тұра, таратқан жағдайда Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылық қарастырылған.

Репост жасағандар да жауапсыз қалмай, жазба авторы секілді жауапқа тартылады.

«Бас прокуратура азаматтар­ды арандатушылыққа ермеуге, тек­серілмеген ақпаратты таратпауға, қоғамдық келісім мен азаматтар ара­­сындағы өзара құрметке нұқ­сан кел­тіруі мүмкін жарияланым­дар мен пікірлерден бас тар­туға ­шақ­ырады. Қазақстан халқы­ның бірлігі, өзара сыйластық пен қоғам­дық келісім – еліміздің тұрақты­лығының, қауіпсіздігінің және келешектегі дамуының берік негізі. Құқық қорғау органдары «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қол сұғатын кез келген құқық бұзудың жолын кесіп, олардың алдын алу үшін заңда ­көзделген шараларды қабылдайды», делінген Бас прокуратура мәлімдемесінде.

Анель ҚАБИДОЛЛА,

 Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 2-курс студенті

Бөлісу:
Әлеуметтік желі жауапкершілігі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар