Футбол
1 мин оқу 50

Николя Пепенің дублі Кот-д'Ивуарды келесі кезеңге алып шықты

<p><strong>Әлем чемпионатының Е тобындағы үшінші турда Кот-д'Ивуар құрамасы Кюрасаоны 2:0 есебімен жеңіп, плей-офф кезеңіне шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Николя Пепенің дублі Кот-д'Ивуарды келесі кезеңге алып шықты

АҚШ-тың Филадельфия қаласындағы «Линкольн Файненшел Филд» стадионында өткен матчқа швециялық төреші Гленн Нюберг төрелік етті.

Африкалық құрама шабуылшы Николя Пепенің дублі командасына келесі кезеңнің жолдамасын сыйлады. Ол ойынның 7-минутында есеп ашты. Екінші таймның 64-минутында Пепе тағы бір мәрте мергендік танытып, дубль авторы атанды.

Әлем чемпионатының үшінші турында қай құрамалар кездеседі?

Осылайша Кот-д'Ивуар үш матчтың қорытындысы бойынша алты ұпай жинап, Е тобында екінші орынға ие болды. Ал нидерландылық маман Дик Адвокат жаттықтыратын Кюрасао құрамасы бір ғана ұпаймен соңғы орынға жайғасып, турнирмен қоштасты.

Еске салайық, осы топтағы Эквадор мен Германия арасындағы матч сенсациямен аяқталды. Эквадор турнир фавориттерінің бірі саналған құраманы 2:1 есебімен жеңіп, үшінші орынмен плей-оффқа шықты.

Бөлісу:
Николя Пепенің дублі Кот-д'Ивуарды келесі кезеңге алып шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар