Әлем
1 мин оқу 30

Прокурор Оңтүстік Кореяның экс-президентіне қайтадан өлім жазасын сұрады

<p><strong>Оңтүстік Кореяда арнайы прокурор бұрынғы президент Юн Сок Ёльді бүлік ұйымдастырды деген іс бойынша қайтадан өлім жазасына кесуді сұрады. Өтініш 25 маусым күні Сеулдің Жоғарғы сотында беріліп, онда 2024 жылғы желтоқсанда әскери жағдай енгізуге әрекет жасау ісі бойынша апелляциялық шағым қаралып жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Прокурор Оңтүстік Кореяның экс-президентіне қайтадан өлім жазасын сұрады

Еске салайық ақпан айында бірінші сатыдағы сот Юн Сок Ёльді өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын. Айыптау тарапы бұл үкімді тым жеңіл деп есептейді. Арнайы прокурор бірінші сатыдағы сотта да бұрынғы президентке өлім жазасын тағайындауды талап еткен.

Yonhap мәліметінше, арнайы прокурор бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хёнді де өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұған дейін ол 30 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Юн Сок Ёль әскери жағдай енгізуге байланысты бірнеше қылмыстық іс бойынша айыпталып отыр. Бұған дейін ол ұстауға кедергі келтірді деген іс бойынша 5 жылға сотталған, кейін бұл жаза 7 жылға дейін күшейтілген.

Маусым айында Сеул соты оны Солтүстік Корея бағытына ұшқышсыз ұшу аппараттарын жіберу ісі бойынша 30 жылға бас бостандығынан айырды.

Бөлісу:
Прокурор Оңтүстік Кореяның экс-президентіне қайтадан өлім жазасын сұрады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар