Жапония екінші орынмен плей-оффқа жолдама алды
<p>Әлем чемпионатының үшінші турында Жапония мен Швеция құрамалары 1:1 есебімен тең түсіп, азиялық команда екінші орынмен келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Кездесу АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтон қаласында орналасқан «AT&T Stadium» аренасында өтті.
Матчтың алғашқы таймында командалар есеп аша алмады. Екінші таймның 56-минутында Рицу Доанның пасын тиімді пайдаланған Дайдзэн Маэда Жапония құрамасын алға шығарды.
Алайда шведтер араға алты минут салып жауап берді. 62-минутта Энтони Эланга айып алаңының оң жақ шетінен дәл соққы жасап, таразы басын теңестірді. Ойын соңына дейін қос команда жеңіс голын соға алмай, матч 1:1 есебімен аяқталды.
Осылайша Жапония үш матчтан кейін бес ұпай жинап, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Ал Швеция төрт ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. Команда үздік үшінші орын иегерлерінің қатарына кірсе, плей-оффқа шыға алады.
Еске сала кетейік, осы топтағы Нидерланд құрамасы Тунисті 3:1 есебімен жеңіп, бірінші орынмен келесі кезеңге жолдама алған болатын.