Қоғам
1 мин оқу 20

Жазғы маусымда 4 пойызда вагон-мейрамхана іске қосылды

<p><strong>&laquo;Жолаушылар тасымалы&raquo; АҚ жазғы маусымда жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша қатынайтын төрт Тальго пойызының құрамына арнайы вагон-мейрамханаларды қосты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Жазғы маусымда 4 пойызда вагон-мейрамхана іске қосылды

Жазғы маусымда қосымша 4 вагон-мейрамханалар келесі бағыттарда қызмет көрсетеді:

• №254/253 Астана (Нұрлы жол) – Достық;
• №211/212 Алматы-2 – Достық;
• №207/208 Алматы-2 – Достық;
• №231/232 Алматы-2 – Семей.

Ұшақ пен пойыз билеттерінің бағасы неге бірдей? ҚТЖ өкілі жауап берді

Вагон-мейрамханаларда ересектерге және балаларға да арнайы мәзір қарастырылған. Ас түрлері жолаушылардың сұранысы мен талғамына сай іріктеліп отырады.

«Бұдан бөлек, Тальго пойыздарындағы ToiPass вагон-мейрамханалары арқылы тағамдарды тікелей купеге тапсырыс беру қызметі жұмыс істейді. Ол үшін WhatsApp желісі арқылы +7 771 761 4099 нөміріне хабарлама жіберу немесе жолсерікке жүгіну жеткілікті. Тапсырыстар күн сайын 08:00-ден 24:00-ге дейін қабылданады», делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда компания 51 бағыт бойынша тамақтану қызметін ұсынып отыр.

Бұған дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын теміржол арқылы тасымалдау тарифтеріне 70 пайыздық жеңілдік енгізілгені туралы айтылған еді.

Бөлісу:
Жазғы маусымда 4 пойызда вагон-мейрамхана іске қосылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар