Былтыр республикалық бюджеттің кірістері 21,4 трлн теңгені құрады
<p><strong>Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев республикалық бюджеттің кірістері туралы баяндады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Қаржы министрінің айтуынша, жалпы 2025 жылы республикалық бюджеттің кірістері бойынша жоспар 99% орындалып, 21,4 трлн теңгені құрап отыр.
«Оның ішінде республикалық бюджеттің меншікті кірістері, трансферттерді есептемегенде, 15,3 трлн теңгеге жетті. Салықтық түсімдер 2,2 трлн теңгеге немесе 17,5%-ға өсті», деді Мәди Такиев.
Негізгі жұмыс, орнықты мұнайға қатысы жоқ кіріс базасын кеңейтуге, салықтық әкімшілендіру сапасын арттыруға және тиімсіз жеңілдіктерді қысқартуға бағытталады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан экономикасы 6,5%-ға өскенін хабарлаған едік.