Әлем
1 мин оқу 30

Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 235 адамға жетті

<p>Венесуэлада болған жойқын жер сілкіністері салдарынан қаза тапқандар саны 235 адамға жетті. Соңғы мәлімет бойынша, 4300-ден астам адам жарақат алып, 160-қа жуық тұрғын із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 235 адамға жетті

Табиғи апаттан ең көп зардап шеккендер ел астанасы Каракас қаласы мен Ла-Гуайра штатында тіркелді. Билік Ла-Гуайраны ресми түрде апат аймағы деп жариялады.

Зілзаладан шамамен 250 ғимарат қираған. Сондай-ақ сегіз аурухана мен елдің басты халықаралық әуежайы да зақымданған.

Қазіргі уақытта құтқарушылар үйінділерді аршып, тірі қалғандарды іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Апаттың салдарын жоюға халықаралық ұйымдар да атсалысып жатыр.

Венесуэлада жер сілкінісіне байланысты төтенше жағдай жарияланды

Жағдайға байланысты АҚШ Венесуэлаға гуманитарлық көмек ретінде 150 миллион доллар бөлетінін мәлімдеп, іздестіру-құтқару топтарын жіберетінін хабарлады.

Еске сала кетейік, бейсенбіге қараған түні Венесуэланың солтүстігінде магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі болды. Мемлекет басшысы жер сілкінісіне байланысты Венесуэла халқына көңіл айтты. 

Бөлісу:
Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 235 адамға жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар