Қоғам
1 мин оқу 40

Астанада 35 жастағы әйел көпірден секіріп кетті

<p><strong>Елордада бүгін 112 пультіне Атырау көпірі маңында суға секірген әйел туралы хабарлама түсті. Құтқарушылар оқиға орнына бір минутта жетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Астанада 35 жастағы әйел көпірден секіріп кетті

Есіл өзенінің жағасында орналасқан құтқару бөлімшесінен ТЖМ қызметкерлері заманауи қайықпен дереу оқиға орнына шықты. Екі шақырымға жуық қашықтықты еңсеріп, олар оқиға орнына бір минуттың ішінде жетті.

Құтқарушылар келгенге дейін әйелге сол маңда болған байдарка қауымдастығының мүшелері көмек көрсетіп, оны су бетінде ұстап тұрған. 1991 жылы туған әйел жағаға жеткізіліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Айта кетейік, ел аумағында шомылу маусымы басталғалы 29 адам суға батып кетті.

Бөлісу:
Астанада 35 жастағы әйел көпірден секіріп кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар