Экономика
1 мин оқу 50

Қазақстан Ресейге 50 мың тонна бензин жібере ме: Министр жауап берді

<p>Әлеуметтік желілерде Ресейде жанармай тапшылығы сезілсе, Қазақстаннан 50 мың тоннаға жуық бензин импортталуы мүмкін екендігі туралы ақпарат тарады. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов аталған жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды<strong>&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қазақстан Ресейге 50 мың тонна бензин жібере ме: Министр жауап берді

Министрдің айтуынша, Ресейден бұл мәселеге қатысты ешқандай ресми сұраныс түспеген.

Сонымен қатар Ерлан Ақкенженов Қарашығанақ кен орнындағы газ өндіру көлемінің азаю себебін түсіндірді.

Оның сөзінше, Қарашығанақта өндіріс көлемі 34 мың тоннадан 25 мың тоннаға дейін қысқартылған.

«Кен орнында газ өндіру көлемі 9 мың тоннаға қысқарды. Соған сәйкес қазіргі уақытта газ қабылдау көлемі де азайды. Дегенмен бұл ел экономикасына кері әсер еткен жоқ. Бүгінде біз газ жеткізу бойынша барлық міндеттемелерімізді толық көлемде орындап отырмыз», деді министр.

Ресей Қазақстаннан 50 мың тонна бензин алуды жоспарлап отыр

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейдің Орынбор қаласындағы газ өңдеу зауытына украиналық дрондар шабуыл жасаған болатын. Энергетика министрлігі газ инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеп тұрғандығын айтып, жағдай бақылауда екендігін мәлімдеген болатын.

Бөлісу:
Қазақстан Ресейге 50 мың тонна бензин жібере ме: Министр жауап берді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар