Футбол
1 мин оқу 30
Әлем чемпионаты: Бүгін қай командалар алаңға шығады?
<p>27 маусымға қараған түні әлем чемпионатының топтық кезеңінде G, H және I топтарының соңғы тур ойындары өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Норвегия мен Франция өзара кездесуде I тобының жеңімпазын анықтайды. Қалған құрамалар плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін сақтап қалу үшін алаңға шығады.
Ойындар Астана уақытымен төмендегідей кезекпен өтеді:
00:00
- Норвегия – Франция (I тобы)
- Сенегал – Ирак (I тобы)
05:00
- Уругвай – Испания (H тобы)
- Кабо-Верде – Сауд Арабиясы (H тобы)
08:00
- Египет – Иран (G тобы)
- Жаңа Зеландия – Бельгия (G тобы)
Еске сала кетейік, әлем чемпионатының матчтарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар ойындар qazaqstan.tv, qazsporttv.kz ресми сайттарында, «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасында және «Birge.tv» платформасында онлайн форматта қолжетімді болады.
Бөлісу: