Президент Щучинск қаласындағы экосаябақтың жұмысымен танысты
<p><strong>Қасым-Жомарт Тоқаев Щучинск қаласындағы бірқатар нысанды аралап көрді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. </strong></p>

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапары барысында Щучинск қаласындағы экосаябақты аралап көрді.
Президентке жуырда жаңғыртудан өткен қоғамдық кеңістіктің мүмкіндіктері таныстырылды. Экосаябақта тұрғындардың серуендеуіне, спортпен шұғылдануына және бос уақытын тиімді өткізуіне барлық қажетті жағдай жасалған.
Мемлекет басшысы: «Айбынның» басты миссиясы – интеллектуалды әскери элитаны қалыптастыру

Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті жас домбырашылардың өнерін тамашалады. Ұлттық домбыра күніне дайындалып жатқан жас өнерпаздар Мемлекет басшысына бірнеше күй орындап берді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Ақмола облысының Щучинск қаласында өтіп жатқан «Айбын» ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысып, сөз сөйледі.
Сондай-ақ Президент Қорғаныс министрлігіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжіне барды.
Бұдан кейін Мемлекет басшысы Burabay Arena спорт сарайына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев кешендегі үстел теннисі, бассейн, және жаттығу залдарын аралап көрді. Мұнда спорттың алты түрі бойынша үйірмелер жұмыс істейді.
Мемлекет басшысына өңірдегі спорт және туризм салаларының даму барысы жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар Президент облыстың танымал спортшыларымен әңгімелесті.
Атлеттер отандық спортқа жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.