Қоғам
1 мин оқу 40

Қазақстанда бір аптада бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары арзандады

<p>24 маусымдағы жағдай бойынша есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Қазақстанда бір аптада бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары арзандады

Ең көп арзандаған өнім – қызанақ, оның бағасы 5,5% төмендеді. Сондай-ақ І санаттағы жұмыртқа (-1,3%), қияр (-1,3%), пастерленген сүт (-0,2%), майлылығы 2-3% айран (-0,2%), майлылығы 5-9% сүзбе (-0,2%), қара шай (-0,2%), сондай-ақ ажарланған күріш және балғын, салқындатылған және мұздатылған балық, қаймақ, алма және ас тұзының бағасы (әрқайсысы -0,1%) төмендеді.

Өңірлер бөлінісінде дефляциялық үрдіс еліміздің бірқатар қалаларында байқалды. Бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі Қонаевта (-0,5%), Көкшетауда (-0,4%), Павлодарда (-0,3%), Шымкентте, Атырауда және Петропавлда (әрқайсысы -0,2%) төмендеді. Ал Қостанай, Қызылорда, Семей, Тараз және Өскемен қалаларында бағалар өткен апта деңгейінде сақталды.

Бөлісу:
Қазақстанда бір аптада бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары арзандады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар