Әлем
1 мин оқу 40

Бейжіңде ұшақ ең биік ғимаратқа соғылды

<p>Қытай астанасында жеңіл моторлы спорттық ұшақ Бейжіңнің ең биік ғимараты China Zun мұнарасына (биіктігі 528 метр) соғылған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Бейжіңде ұшақ ең биік ғимаратқа соғылды

Қытайда жасалған екі орындық Sunward SA60L Aurora ұшағы Шифоси әуежайынан ұшып шыққан. Белгісіз себептермен ол бекітілген бағытынан қатты ауытқып, зәулім үйдің жоғарғы қабаттарына соғылып, толықтай қираған.

Соққыдан жоғарғы қабаттардың панорамалық терезелері сынып, қасбет бөліктері төмен қарай құлаған.

Ұшақтың үлкен сынықтары ғимараттың кіреберісі мен жолға түскен. Сынықтар құлаған жерде өрт шығып, қою түтін көтерілді.

Небәрі бірнеше минут ішінде мыңдаған қызметкерлер ғимараттан шұғыл түрде қауіпсіз жерге шығарылды.

Зардап шеккендердің нақты саны туралы ресми ақпарат әлі жарияланған жоқ.

Бөлісу:
Бейжіңде ұшақ ең биік ғимаратқа соғылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар