Ғылым
2 мин оқу 30

Монтессори ғылыми зерттеу зертханасы ашылады

<p style="text-align: left;">Осы күні Монтессори орталықтары мен балабақшалары қаптап кетті. Бекер емес. Көптің көңіліне қонымды, нәтижесі нанымды көрінеді. Атақты италиян педагогінің әлемге әйгілі әдістемесінің құпиясы сол &ndash; баланы өмірге, өзін-өзі алып жүруге, өз-өзіне қызмет көрсетуге тәрбиелеу. Алайда аталған әдістемеге көп білім-тәрбие ұйымының аты ғана болмаса, ондағы мамандарының кәсіби біліктілігі сәйкес келе бермейді. Енді елімізде мұның орнын толтыратын арнайы орталық ашылмақ.</p>

Монтессори ғылыми зерттеу зертханасы ашылады

Абай университеті мен Перуджадағы (Италия) тұңғыш Халықаралық Мария Монтессори орталығы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Тараптар Қазақстанда алғашқы Монтессори ғылыми-зерттеу зертханасын және Абай университеті базасында педагогтерді сертифи­каттаудың ұлттық орталығын құруға уағдаласты.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, бұл маңызды серіктестік еліміздегі инклюзивті білім беруді дамытуға және жаңа буын мұғалімдерін даярлауға озық әлемдік тәжірибелерді жүйелі түрде енгізуге бағытталған. 100 жылдық мерейтойы қарсаңында Абай университеті зерттеу бағытындағы жаңа үлгідегі педа­гогикалық жоғары оқу орнына трансформацияланудың ауқымды бағдарламасын жүзеге асырып жатыр.

Мұндағы басты басымдық­тарының бірі – халықаралық деңгейде мойындалған әдісте­мелерді енгізу. Өйткені Қазақ­станда бұл жүйеге деген қызы­ғушылық жыл санап артып келеді. Бүгінгі таңда Монтессори педагогикасының қағидалары еліміздің 11 қаласындағы 40-тан астам мектепке дейінгі ұйымдар мен білім орталықтарында қолданылады, алайда бұл тәжі­рибені әрі қарай кеңейту үшін іргелі академиялық база мен білікті мамандар даярлау қажет.

Италиялық орталықтың президенті Симоне Павони мен вице-президенті Лучио Ломбардимен өткен келіссөз барысында бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды. Олардың қатарында студенттерге халықаралық AMI сертификаттарын беретін бірлескен білім бағдарламаларын әзірлеу, «оқытушыларды оқыту» моделі бойынша дайындау, сондай-ақ баланың ерте дамуы, нейропедагогика, қазіргі заманауи білім технологиялары мен геронтология салаларында ғылыми зерттеу­­­лер жүргізу бар. Сонымен қатар Абай университеті егде жастағы адамдармен жұмыс істеуге бағыт­талған «Silver Agri Age» бен «Silver Agri Care» жобаларына да қызығушылық танытып отыр.

Абай университетінің ресми делегациясы орталық­тың практикалық инфрақұ­ры­лы­мы­мен танысып, «Лидия Чели» атындағы бөбекжайды, балабақша мен бастауыш мектепті аралады. Университет ректоры Болат Тілеп аталған сапардың мақсаты Италияның жоғары оқу орындарымен ұзақмерзімді академиялық серіктестік орнату екенін атап өтті. Оның айтуынша, халықаралық сараптама мен ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастықтың өзара ық­палдастығы ғалымдар, студенттер және болашақ ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Сондай-ақ делегацияның Италияның жетекші жоғары оқу орындары – Sapienza, UniCamillus, LUISS университет өкілдерімен бірқатар ресми кездесу өткізу жоспарланған.

Бөлісу: