Саясат
2 мин оқу 50

Елдік бағдарламаға көшу мәселесі талқыланды

<p style="text-align: left;">Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Халықаралық еңбек ұйымының Лайықты еңбек мәселелері бойынша техникалық қолдау тобының және Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріне арналған бюросының директоры Михаил Пушкинмен кездесті.</p>

Елдік бағдарламаға көшу мәселесі талқыланды

Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы лайық­ты еңбекті ілгерілету жөніндегі бірлескен Жол картасын іске асыру қоры­тын­дыларын, сондай-ақ жаңа Елдік бағдарламаның жобасын әзірлеу мәселелерін талқылады.

Делегацияны қарсы ал­ған А.Ертаев екіжақты ынты­мақтастықтың оң қар­қын­мен дамып келе жат­қанын атап өтіп, өзара іс-қи­мылды нығайтуға және заңнаманы одан әрі жетіл­діруге бағытталған Жол картасының маңыздылығына тоқталды. Министрдің ­айтуынша, Жол картасы аясында ХЕҰ-мен бірлесіп еңбек қауіпсіздігі мен еңбек инспекциясы саласында үш талдамалық жоба жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта ХЕҰ-ның №176 Конвенциясын (шахталардағы еңбек қауіп­сіздігі туралы) ратификациялау жөніндегі заң жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған. Сонымен қатар 2026 жылға арналған заң шығару жұмыстары шең­берінде кәсіптік тәуекел­дерді басқарудың проактивті жүйесіне көшуге бағытталған түзетулер әзірленді.

Кездесу барысында ең­бекақы төлеу және әлеу­­меттік қамсыздан­дыру жүйе­сін жетілдіру мәсе­лелеріне ерекше назар ауда­рылды. Атап айтқанда, ең төмен­гі жалақы мөлше­рін айқын­даудың жаңа әдістемесі енгізіліп, ХЕҰ-ның №131 Конвенциясы ратификацияланды. Сондай-ақ мем­ле­кеттік органдардың келі­суінде әлеуметтік қамсыз­дандырудың ең төменгі нормалары туралы №102 Конвенцияны ратифика-циялау жөніндегі заң жобасы қаралып жатыр. Бұған қоса №190 Конвенцияны ратификациялауға дайын­дық аясында қызметкерлерді жұмыс орнындағы харассменттен қорғауға бағытталған түзетулердің алғашқы топтамасы әзірленді.

«Біз қалыптасқан сындарлы ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз және Елдік бағдарламаны әзір­леу мен іске асыруды қам­­ти­­тын жаңа кезеңде өза­ра іс-қимылды одан әрі да­­­мыт­уға дайын екені­міз­ді рас­таймыз», деді А.Ертаев.

Ынтымақтастықтың жаңа форматына көшу жөніндегі қағидатты келісімге биылғы маусым айында ХЕҰ Бас директоры Жильбер Унгбомен өткен кездесу барысында қол жеткізілді. Болашақ бағдарламаның негізгі бағыттарының қатарында әлеуметтік қорғау жүйесін жаңғырту, әлеуметтік әріп­тестікті дамыту, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамта­масыз ету, жұмыс орнындағы қысым көрсету әрекеттерінің алдын алу, сондай-ақ цифр­ландыру мен жасанды ин­теллектінің еңбек нары­ғына ықпалын зерделеу мәселелері бар.

А.Ертаев сөзінің соңында бұл ынтымақтастықтың әлеуметтік әділеттілік пен орнықты даму саласындағы ортақ мақсаттарға қол жеткі­зуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Өз кезегінде М.Пушкин Қазақстанда Елдік бағдар­ламаны ілгерілетуге қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Іс-шараға сондай-ақ Ең­бек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлі­гінің құрылымдық бөлімше­лерінің басшылары, ХЕҰ бюросының еңбек инспекциясы және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі маманы Дарко Дочинский, сондай-ақ ХЕҰ-ның Астана қаласындағы жобалық кеңсесінің ұлттық жоба үйлестірушісі Сауле Исабекова қатысты. 

Бөлісу:
Елдік бағдарламаға көшу мәселесі талқыланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар