Спорт
1 мин оқу 30

Франция Норвегияны 4:1 есебімен жеңіп, топта бірінші орын алды

Футболдан әлем чемпионатының I тобындағы үшінші тур аясында Норвегия мен Франция құрамасы кездесті. АҚШ-тың Фоксборо қаласындағы Gillette стадионында өткен ойында француздар 4:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Франция Норвегияны 4:1 есебімен жеңіп, топта бірінші орын алды

Кездесудің 7-минутында Усман Дембеле есеп ашып, Францияны алға шығарды. 20-минутта дубльдің авторы атанса, араға бір минут салып Тело Осгор Норвегия сапынан бір гол қайтарды. Ал 32-минутта Дембеле үшінші голын соғып, хет-трик жасады.

Екінші таймда, 50-минутта Йёрген Странн Ларсен пенальтиді мүлт жіберді. Ойын соңындағы қосымша уақытта Дезире Дуэ Францияның төртінші голын соғып, матчтың қорытынды есебін белгіледі. 4:1.

Топтық кезең қорытындысы бойынша Франция құрамасы 9 ұпаймен I топта бірінші орын алды. Норвегия 6 ұпаймен екінші сатыға жайғасты.

1/16 финалда Франция Шотландия, Парагвай, Швеция, Бельгия немесе Кабо-Верде құрамаларының бірімен кездеседі. Ал Норвегия құрамасының қарсыласы – Кот-д'Ивуар болады.

Әлем чемпионатының топтық кезеңі 11–27 маусым аралығында өтті. Әр топтан алғашқы екі орын алған құрамалар және үшінші орын иеленген сегіз үздік команда плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Бөлісу:
Франция Норвегияны 4:1 есебімен жеңіп, топта бірінші орын алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар