Спорт
1 мин оқу 30

Ирак әлем чемпионатымен қоштасты, Сенегал рекорд жаңартты

Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші турда Сенегал құрамасы Ирак командасын 5:0 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ирак әлем чемпионатымен қоштасты, Сенегал рекорд жаңартты

Африкалықтар сапында Пап Гуйе екі мәрте мергендік танытты. Сондай-ақ Хабиб Диарра, Исмаила Сарр және Илиман Ндиай бір-бір голдан соқты.

Осылайша Сенегал құрамасы әлем чемпионатты тарихында бір ойында бес гол соққан алғашқы Африка құрамасы атанды.

Топтық кезең қорытындысында Сенегал 3 ұпаймен I тобында үшінші орында тұрақтады. Команда 8 гол соғып, 6 гол жіберіп алды. Қазіргі таңда сенегалдықтар өз топтарында үшінші орын алған құрамалар арасындағы аралық кестеде бесінші орында тұр. Сонымен қатар 3 ұпай жинаған командалар ішінде доп айырмасы (+2) бойынша үздік көрсеткішке ие.

Ал Ирак құрамасы өз тобында бірде-бір ұпай жинай алмай, соңғы төртінші орынмен әлем чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады. Естеріңізге салайық, Ирак құрамасы өз тарихында әлем чемпионатты бәсекесіне екінші рет қатысып отыр.

Бөлісу:
Ирак әлем чемпионатымен қоштасты, Сенегал рекорд жаңартты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар