Құтқарушы
1 мин оқу 40

Каспийге батып кеткен 27 жастағы ер адамның мәйіті бір аптадан кейін табылды

<p>Маңғыстау облысында 21 маусым күні Каспий теңізіне батып кеткен 27 жастағы ер адамды іздеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Каспийге батып кеткен 27 жастағы ер адамның мәйіті бір аптадан кейін табылды

Қайғылы оқиға Ақтау қаласынан 56 шақырым жердегі жағалаудың жабдықталмаған бөлігінде болған.

ТЖМ азаматтарға судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады

Қатты дауыл салдарынан іздестіру жұмыстары күрделене түскенімен, құтқарушылар іздеуді тоқтатқан жоқ. Операцияға Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сүңгуірлер, әскери қызметшілер, жүзу құралдары, арнайы техника және суасты дроны жұмылдырылды.

Құтқарушылардың мәліметінше, марқұмның мәйіті 26 маусым күні кешке табылған. Теңіз ағысы оны Ақтаудан шамамен 65 шақырым қашықтыққа, демалыс базаларының бірінің маңына дейін алып кеткен.

Бөлісу:
Каспийге батып кеткен 27 жастағы ер адамның мәйіті бір аптадан кейін табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар