Астанада құтқарушылар автобус өртін жедел сөндірді
<p><strong>Елордада Есіл ауданы Әл-Фараби даңғылы бойында автобустың қозғалтқыш бөлігінен өрт шыққан. Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары дереу жеткен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a> </strong> </p>

ТЖМ мәліметінше, жедел жеткен өрт сөндірушілер автобустың қозғалтқыш бөлігі ашық жалынмен жанып жатқанын анықтаған. Құтқарушылар келгенге дейін жолаушылар автобустан өздігінен шығып үлгерген.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде өрт қысқа мерзімде толық сөндіріліп, жалынның автобусқа толық таралуына жол берілмеді.
Ешкім зардап шекпеген. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда Рысқұлбеков көшесінде жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 24 маусымнан бастап 12 автобустың бағыты уақытша өзгертілді.