Әлем
1 мин оқу 30

Венесуэлада жер сілкінісінен мерт болғандар саны 900-ден асты

<p><strong>Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 920 адамға жетті. Ал шамамен 50&nbsp;000 адам із-түзсіз жоғалған. Үйінділерді аршу жұмыстары әлі аяқтамаған. Сондай-ақ 3&nbsp;000-нан астам адам жарақат алған, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Венесуэлада жер сілкінісінен мерт болғандар саны 900-ден асты

BBC-дің хабарлауынша, БҰҰ мәліметіне сәйкес, іздестіру-құтқару жұмыстарына 1 000-нан астам шетелдік маман, оның ішінде қызметтік иттері бар кинологтар қатысып жатыр. Гуманитарлық және техникалық көмек Швейцария, Мексика, Испания, Италия, Франция, Германия және басқа да Еуропа мемлекеттерінен жіберілген.

Еске салайық, Венесуэлада соңғы 126 жылдағы ең күшті жер сілкінісі 24 маусым күні кешке тіркелді. Араға шамамен 40 секунд салып, магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі жер асты дүмпуі болған. Олардың эпицентрлері бір-бірінен шамамен 10 шақырым қашықтықта орналасқан. Елдің бірнеше өңірінде ондаған ғимарат қирап, инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келді.

Венесуэлада жер сілкінісіне байланысты төтенше жағдай жарияланды

Негізгі жер сілкіністерінен кейін ел аумағында тағы 214 афтершок тіркелді. Ең көп зардап шеккен Ла-Гуайра штаты әскери басқаруға берілді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 235 адамға жеткен және 4 300-ден астам адам жарақат алып, 160-қа жуық тұрғын із-түзсіз жоғалған.

Бөлісу:
Венесуэлада жер сілкінісінен мерт болғандар саны 900-ден асты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар