Әлем
1 мин оқу 30

Израиль-Ливан: Келісімге қол қойылды

<p><strong>Израиль мен Ливан АҚШ-тың арағайындығымен негіздемелік келісімге қол қойды. Бастапқы кезеңде Израиль Ливан аумағынан әскерін ішінара шығарып алады. Бірақ әскери күштердің бір бөлігі елдің оңтүстігінде қалады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Израиль-Ливан: Келісімге қол қойылды

24kz мәліметінше, Премьер-министр Биньямин Нетаньяху атап өткендей, «Хезболла» ұйымы қарусыздандырылып, қауіп толық жойылғанға дейін ЦАХАЛ аймақтан кетпейді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бұл келісімді өңірде бейбітшілік пен тұрақтылық орнату жолындағы маңызды қадам деп бағалады.

Израиль мен Ливан арасындағы бітім үш аптаға ұзартылды

Келісім шеңберінде АҚШ Ливанға гуманитарлық көмек ретінде 100 миллион доллар, сондай-ақ елдің қарулы күштерін нығайтуға қосымша 30 миллион доллар бөледі.

Еске салайық, сәуір айының ортасында Израиль мен «Хезболла» арасындағы бітім бұзылды. Израиль әскері атысты тоқтату режимін бұзып, Ливанның шекаралық Хиям қаласына артиллериялық соққы жасады.
Бөлісу:
Израиль-Ливан: Келісімге қол қойылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар