Оқиға
1 мин оқу 30

Батыс Қазақстан өңірі полицейлері есірткі тиелген сәлемдемені қолға түсірді

<p><strong>БҚО полиция департаментінің қызметкерлері 33 келіден астам марихуана болған сәлемдемені қолға түсірді. 41 жастағы ер адам ұсталды, хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></strong></p>

Батыс Қазақстан өңірі полицейлері есірткі тиелген сәлемдемені қолға түсірді

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жедел-іздестіру барысында БҚО полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Маңғыстау облысындағы әріптестерімен бірлесіп, күдіктінің ізіне түсіп, оның Жамбыл облысынан батыс өңірлерге есірткі жеткізу арнасын ұйымдастырғанын анықтаған. Ол жүк тасымалы қызметін пайдаланған, ал есірткіні кәдімгі сәлемдеме ретінде жасырған.

Алматыда синтетикалық есірткі өндірген зертхана жойылды

Күдікті Ақтау қаласында сәлемдемені алып жатқан мезетінде қылмыс үстінде ұсталды. Тексеру кезінде табылған өсімдік тектес зат сараптама қорытындысына сәйкес, марихуана болып шықты.

«Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 33,5 келіден асты.

Тергеу мәліметінше, есірткінің бұл партиясы еліміздің батыс өңірлеріне таратылуы тиіс болған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», делінген хабарламада.

Бұған дейін биылғы 4 айдың ішінде есірткі қылмыстары үшін 76 шетелдіктің ұсталғаны туралы жазған едік. 

Бөлісу:
Батыс Қазақстан өңірі полицейлері есірткі тиелген сәлемдемені қолға түсірді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар