Екі облыс аумағында жер сілкінісі сезілді
<p><strong>Бүгін Астана уақытымен сағат 18:34-те ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Ауғанстан аумағында орналасқан.
Түркістан облысы бойынша дүмпудің есептік қарқындылығы сезілген елді мекендер:
Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті – 2 балл.
Жетісай ауданы, Жетісай қаласы – 2 балл.
Келес ауданы, Абай ауылы – 2 балл.
Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы – 2 балл.
Шардара ауданы, Шардара қаласында – 2 балл.
Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы – 2 балл.
Төлеби ауданы, Ленгер қаласы – 2 балл.
Сайрам ауылы – 2 балл.
Манкент ауылы – 2 балл.
Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы – 2 балл.
Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы – 2 балл.
Арыс қаласы – 2 балл. Ордабасы ауданы, Темірлановка ауылы – 2 балл. Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы – 2 балл. Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы – 2 балл.
Шымкент қаласы – 2 балл.
Филиппинде жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 78 адамға жетті
Жамбыл облысы бойынша дүмпудің есептік қарқындылығы сезілген елді мекендер:
Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы – 2 балл. Байзақ ауданы, Сары-Кемер ауылы – 2 балл. Жамбыл ауданы, Аса ауылы – 2 балл.
Т. Рысқұлов атындағы ауданы, Құлан ауылы – 2 балл.
Талас ауданы, Қаратау қаласы – 2 балл.
Мерке ауданы, Мерке ауылы – 2 балл.
Тараз қаласы – 2 балл.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен мерт болғандар саны 920 адамға жетті, 50 000 адам із-түзсіз жоғалды және 3 000-нан астам адам жарақат алды.