Елорда
1 мин оқу 30

Астанада бірқатар көшедегі көлік қозғалысына 1 шілдеге дейін шектеу енгізілді

<p><strong>Елордада екі көшенің жалғасқан учаскелерінде 1 шілдеге дейін көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Астанада бірқатар көшедегі көлік қозғалысына 1 шілдеге дейін шектеу енгізілді

27 маусым мен 1 шілде аралығында келесі көшелерде жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі:

  • Баршын көшесінде Н. Тілендиев даңғылынан С. Мұқанов көшесіне дейінгі учаскеде;
  • С. Мұқанов көшесінде Барышев көшесінен Айналма жолға дейінгі учаскеде.                                                     

Ашық дереккөз                  
«Осыған байланысты автокөлік қозғалысы екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескерулерін сұраймыз», делінген хабарламада.

Ақтөбе облысы аумағында республикалық автожол бөлігі уақытша жабылды

Бөлісу: