Әлем чемпионаты: Бүгін қай командалар ойнайды?
<p>Футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталуға жақын. Үшінші тур аясында Криштиану Роналду үздік сұрмергендер тізімінде Лионель Мессимен арадағы айырмашылықты қысқартып, өзінің бұрынғы бабына оралғанын дәлелдеуге тырысып көреді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Ал Лионель Месси бас бапкердің шешімімен бүгінгі матчқа қатыспауы да мүмкін. Топтық кезеңдегі соңғы ойында Англия құрамасы да барын салып, мықтылығын дәлелдеуі керек.
Кейбір құрамалар үшін бүгінгі кездесу әлем чемпионатындағы соңғы ойыны болмақ. Үшінші турдағы соңғы кездесуді 12 команда түйіндейді.
28 маусым
02:00 Панама – Англия
02:00 Хорватия – Гана
04:30 Колумбия – Португалия
04:30 ДР Конго – Өзбекстан
07:00 Алжир – Австрия
07:00 Иордания – Аргентина