Спорт
1 мин оқу 30

Англия Панаманы жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

<p>Англия құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші турда Панама құрамасын 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Англия Панаманы жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

Гол авторлары Джуд Беллингем мен Харри Кейн.

Харри Кейн әлем чемпионаттарындағы гол саны бойынша Англия құрамасының жаңа рекордын орнатты. Оның еншісінде енді 11 гол бар. Осылайша ол Гари Линекердің (10 гол) көрсеткішінен асып түсті.

Англия құрамасы 7 ұпаймен L тобында бірінші орын алып, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Англияның 1/16 финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.

Ал ұпай жинай алмаған Панама құрамасы топ соңында қалып, турнирмен қоштасты. Сондай-ақ Панама 2026 жылғы әлем чемпионатында бірде-бір гол соға алмаған жалғыз құрама атанды.

Бөлісу:
Англия Панаманы жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар