Спорт
1 мин оқу 40

Португалия мен Колумбия тең ойнап, плей-оффқа өтті

<p>Португалия мен Колумбия құрамалары әлем чемпионатының K тобындағы соңғы матчта тең 0:0 есебімен тең түсті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Португалия мен Колумбия тең ойнап, плей-оффқа өтті

Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду әлем чемпионаттарында өткізген матчтар саны бойынша тарихи көрсеткішке қол жеткізді. Колумбияға қарсы кездесу оның мундиалдағы 25-матчы болды. Осылайша, ол бұл көрсеткіш бойынша екінші орынға көтеріліп, тек Аргентина құрамасының капитаны Лионель Мессиден (28 матч) ғана қалып тұр.

Топтық кезең қорытындысы бойынша 7 ұпай жинаған Колумбия құрамасы K тобында бірінші орын алып, ал 5 ұпай еншілеген Португалия екінші орынмен 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Бөлісу:
Португалия мен Колумбия тең ойнап, плей-оффқа өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар