Денсаулық
1 мин оқу 50

Онкологиялық орталықтардағы ашық есік күні кезінде 30 адамнан қатерлі ісік анықталды

<p>Республиканың барлық онкологиялық орталықтарында онкоурологиялық аурулардың алдын алу және оларды ерте анықтауға арналған Бірыңғай ашық есік күні өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Онкологиялық орталықтардағы ашық есік күні кезінде 30 адамнан қатерлі ісік анықталды

Уақтылы диагностиканың арқасында акцияға қатысушылардың арасында 30 қатерлі ісік жағдайы (оның ішінде онкологиялық ауруға күдікті жағдайлар), 43 обырға дейінгі жағдай және әрі қарай бақылауды, қосымша тексеруді немесе емдеуді қажет ететін 287 өзге ауру анықталды.

Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады

Бұл күні еліміздің тұрғындары онкоурологтар мен бейінді мамандардың тегін консультациясын алып, профилактикалық тексерулерден және қажетті диагностикалық зерттеулерден өтті. Акцияның қорытындысы бойынша 579 адам мамандардың консультациясын алды. Жалпы 386 диагностикалық зерттеу жүргізілді, оның ішінде 14 төмен дозалы компьютерлік томография жасалды.

Акция халықтың қауіп факторлары, алдын алу шаралары және уақтылы диагностиканың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған республикалық ақпараттық науқан шеңберінде ұйымдастырылды.

Тараздық оқушы қатерлі ісікті анықтайтын ғылыми жобасымен әлемдік көрмеде топ жарды

Бірыңғай ашық есік күні профилактикалық тексерулердің жоғары тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бөлісу:
Онкологиялық орталықтардағы ашық есік күні кезінде 30 адамнан қатерлі ісік анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар