Қоғам
2 мин оқу 70

Ұлытауда алғаш рет журналистерге пәтер кілті табысталды

<p><strong>Жезқазған қаласында Ұлытау облысы әкімінің бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне арналған &laquo;ŪLAR&raquo; сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Салтанатты мерекеге бұқаралық ақпарат құралдарының ардагерлері және осы салада қызмет етіп, елдің ықыласына бөленіп жүрген кәсіби журналистер қатысты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></strong></p>

Ұлытауда алғаш рет журналистерге пәтер кілті табысталды

Облыс әкімі Дастан  Рыспеков  бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен биыл алғаш рет Ұлытау облысында журналистерге пәтер кілті табысталды. Осындай қуаныш «Хабар» телеарнасының Ұлытау облысындағы меншікті тілшісі Елдос  Кәкенов пен «Аймақ ақшамы» газетінің аға тілшісі Мейрамгүл Алпысбаеваға бұйырып, екі бөлмелі пәтердің кілттері салтанатты түрде тарту етілді.

«Жезказганский вестник» газетінің фототілшісі Виктор Иванович Шавнев ҚР Президентінің қолынан мемлекеттік марапат «Құрмет» орденін алды. Ақпарат саласының ардагері, ақын Сара Смағұл,  Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Ізтөлеу Түсіпов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.  Ақпарат саласының ардагері Бақытжан Еркебұланова «Еңбек ардагері» медалін, «ULYTAU» облыстық телерадиокомпаниясы» монтаж режиссері Нұрталап Болатұлы және «Қазыналы өңір» газетінің бас редакторы Әсел Отарбекқызы «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілерін кеудесіне қадады.  ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасына «Жезказганский вестник» газетінің бас редакторы Эльвира Алпанбаева мен «Аймақ ақшамы» газетінің бас редакторы Абдолла  Дастанов ие болды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің Алғыс хатымен Сәтбаев қалалық «Шарайна» газетінің бас редакторы Ізтай  Белгібайұлы, «Подробности» ақпарат порталының редакторы Высоцкая Юлия Константиновна марапатталды.  

ұлытау2

«Ұлытау» телеарнасының креатив жөніндегі директоры Базаркүл Үмбетова  «Қазақстаннның құрметті журналисі» медалін кеудесіне тақты. Тілші  Гүлден Ғалымжанқызы,  «Өңірлік коммуникациялар қызметі» бойынша модератор Гүлім Маратқызы, «Жезказганский вестник» газетінің тілшісі Іңкәр Ерғалиқызы Қазақстан журналистер одағының Құрмет грамотасымен марапатталды.

ұлытау

Ұлытау облысы әкімінің бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне арналған «Ular» сыйлығының номинацияларының жеңімпаздары анықталды.

Ұлытау облысы әкімінің Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне арналған «Ular» сыйлығының «Ұлытау облысы журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін» арнайы сыйлығын «Saryarqa» газетінің аға тілшісі, ардагер Аманжол Үсенов олжалады. Ардагер журналистке 1000000 теңгенің сертификаты тарту етілді.

Сонымен қатар «Шаңырақ» номинациясымен  «Ақшам» телеканалының видеоредакторы Обрежа Виталий Иванович,  «Жылдың үздік шығармашылық жұмысы» номинациясымен «Шарайна» газетінің дизайнері Мадина Сембаева,   «Экономика тақырыбын үздік жариялағаны үшін» номинациясымен «Ulytau» облыстық телеарнасының  тележүргізушісі Аяулым Сырымқызы, «Әлеуметтік тақырыпты үздік жариялағаны үшін» номинациясымен «Мысты өңір» газетінің тілшісі Гүлден Жандилдинова, «Мәнер мен атқарымдылық» номинациямен «Ulytau» облыстық телеарнасының режиссер-операторы Асхат Жақсылықов, «Заң мен тәртіп қағидатын ілгерілету тақырыбындағы үздік материал» номинациясымен  «Saryarqa» газетінің аға тілшісі Еркебұлан Камалиев, «Үздік ұжым» номинациясымен «Жезказганский вестник» газеті, «Ауыл тақырыбын үздік жариялағаны үшін» номинациясымен  «Жаңаарқа» газетінің тілшісі Салтанат Балтабай, «Өндіріс тақырыбын үздік жариялағаны үшін» номинациясымен  «Қазыналы өңір» газетінің редакциясы», «Объектив шебері» номинациясымен  «Хабар» Агенттігі» АҚ телеоператоры Нұрлан Исмаилов  марапатталды. «Өзекті мәселелерді үздік жариялағаны үшін» номинациясын «Аймақ ақшамы» газетінің ұжымы жеңіп алды. Барлық жүлдегерге 500000 теңге ақшалай сыйлық, диплом, арнайы мүсінше тарту етілді.

Бір топ БАҚ өкілдеріне Ұлытау облысы әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаты  табыс етілді.

Бөлісу:
Ұлытауда алғаш рет журналистерге пәтер кілті табысталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар