Найзағай ойнап, дауыл тұруы мүмкін: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
<p>«Қазгидромет» синоптиктері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 28-30 маусым аралығында болатын ауа райы болжамын ұсынды. Маусымның соңғы күні үш қалада бірдей найзағай ойнап, дауыл тұруы мүмкін, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елордада алдағы үш күн бойы өткінші жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал.
28 маусымда күн бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундтына 9-14 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 18...20 градус, күндіз 31...33 градус жылы болады.
29 маусымда күн құбылмалы бұлтты, уақытша жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан секундтына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Термометр бағандары түнде 19...21 градус, күндіз 26...28 градусты көрсетеді.
30 маусымда күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ түсуі ықтимал. Солтүстік-батыс желі оңтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы секундтына 9-14 метр болады, күндіз екпіні секундтына 15-18 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 14...16 градусқа дейін төмендейді, күндіз 23...25 градус жылы болады.
Алматы тұрғындарын алғашқы екі күнде аптап ыстық, ал үшінші күні күшті дауыл күтіп тұр.
28 маусымға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанның оңтүстігінде аптап ыстық сақталады
28 маусымда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Оңтүстік-батыстан секундтына 3-8 метр жел соғады, күндіз екпіні секундтына 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 21...23 градус, күндіз 33...35 градус ыстық болады.
29 маусымда күн бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-батыс желінің жылдамдығы секундтына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 23...25 градус, күндіз аптап ыстық 35...37 градусқа дейін көтеріледі.
30 маусымда Алматыда күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыс желінің жылдамдығы секундтына 3-8 метр, күндіз екпіні секундтына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 21...23 градус, күндіз 30...32 градус шамасында қалыптасады.
Ал Шымкентте үш күн бойы найзағай ойнап, желдің екпіні жоғары болады.
28 маусымда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан секундтына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады, екпіні секундтына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 22...24 градус, күндіз 37...39 градус ыстықты көрсетеді.
29 маусымда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыс желінің жылдамдығы секундтына 8-13 метр, күндіз екпіні секундтына 15-20 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде 22...24 градус, күндіз 33...35 градус жылы болады.
30 маусымда күн құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундтына 8-13 метр, екпіні секундтына 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде 18...20 градусқа дейін салқындайды, күндіз 30...32 градус жылылық сақталады.