Әлем
1 мин оқу 40

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін жариялады

<p>Мемлекет басшысы қызметінен кеткеннен кейін Сербияда мерзімінен бұрын парламенттік және президенттік сайлау науқандары ұйымдастырылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін жариялады

Саяси додалар осы жылдың күз айларында өтеді деп күтіледі. Аталып өткендей, Александр Вучич Сербия президенті лауазымын 2017 жылдан бері атқарып келеді. Ол 2022 жылы екінші мерзімге қайта сайланған болатын. Заңды түрде оның президенттік өкілеттігі 2027 жылдың мамыр айында аяқталуы тиіс еді.

Айта кетейік елде бір жарым жылдан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы наразылық шерулері толастамай тұр. Қоғамдық толқулар Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалындағы шатырдың құлауынан басталған еді.

Сол қайғылы оқиға салдарынан 16 адам қаза тапты. Тұрғындар бұл трагедияны мемлекеттік инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру кезіндегі сыбайлас жемқорлықпен, салғырттықпен тікелей байланыстырған.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Сербия Президенті Александр Вучич ресми сапармен келген еді.

Бөлісу: