Әлем
1 мин оқу 50

Жойқын жер сілкінісі: Венесуэлада 1 000-нан астам адам қаза тапты

<p>Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісінен төрт күн өткенде, құтқарушылар үйінді астынан 11 жастағы баланы дін аман алып шықты. Бұл туралы елдің уақытша президенті Делси Родригес Х (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жойқын жер сілкінісі: Венесуэлада 1 000-нан астам адам қаза тапты

Делси Родригес бөліскен бейнежазбада құтқарушылардың баланы қираған ғимарат қалдықтарының астынан қазып алып жатқан сәті таспаланған. Бұл оқиға жер сілкінісінен ең қатты зардап шеккен Ла-Гуайра штатының астанасы Карабальеда қаласында болған.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Венесуэладағы жерасты дүмпулері осы аптаның сәрсенбі күні кешке ел астанасы Каракастың батыс бөлігінде тіркелген еді. Магнитудасы 7,2 және 7,5 балл болған екі ірі жер сілкінісі небәрі 39 секунд айырмашылықпен қайталанды. Одан кейін тағы 430-ға жуық дүмпу болған.

Табиғи апаттан 1 430 адам қаза тапты. Сондай-ақ 70 мыңға жуық тұрғын әлі де хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде тұр.

Апат аймағында іздестіру-құтқару операциялары үздіксіз жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, Венесуэлада жер сілкінісіне байланысты төтенше жағдай жарияланды

Бөлісу:
Жойқын жер сілкінісі: Венесуэлада 1 000-нан астам адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар