Әлем
1 мин оқу 60

Германиядағы аптап ыстық: Соңғы үш күнде 20-дан астам адам суға кетті

<p><strong>Германияда орнаған экстремалды аптап ыстық салдарынан су айдындарында қайғылы жағдайлар күрт жиіледі. Неміс құтқарушылар қауымдастығының мәліметінше, соңғы үш тәуліктің ішінде 20-дан астам адам суға батып қайтыс болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Германиядағы аптап ыстық: Соңғы үш күнде 20-дан астам адам суға кетті

Құтқарушылар күн ыстықта су айдындарына ағылатын адамдардың саны әдеттегіден көп болатынын айтады. Маусым айының толық статистикасы әлі дайын емес, бірақ үш күннің ішінде 20-дан астам адам қайтыс болған. Салыстыру үшін айтсақ, былтыр маусым айында Германия бойынша 69 адам суға кеткен болатын және бұл өткен шомылу маусымындағы ең қауіпті ай деп тіркелген еді.

DLRG өкілі Мартин Хольцхаузенің айтуынша, су апаттарының құрбаны –   көбіне ер адамдар. Ұйым деректеріне сәйкес, 2025 жылы суға батқандардың 82 пайызы – ер азаматтар болған.

Айта кетейік, Франция астанасында тіркелген аптап ыстық салдарынан бір тәулік ішінде 109 адам көз жұмды.

Бөлісу:
Германиядағы аптап ыстық: Соңғы үш күнде 20-дан астам адам суға кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар