Әлем
1 мин оқу 40
Францияда парашютшілер мінген ұшақ құлап, 11 адам қаза тапты
<p>Францияның солтүстік-шығысында парашютпен секіруге арналған жеңіл моторлы ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшырады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Ұшақ бортындағы 11 адамның барлығы қаза тапты. Олардың қатарында ұшқыш, бес нұсқаушы және парашютпен секіруге қатысқан тағы бес адам болған. БАҚ мәліметінше, жолаушылар арасында алғаш рет тандемдік парашютпен секіруге бел буған медбикелер де болған.
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Ұшақ тұрғын үйлер орналасқан аудан мен сауда орталығының маңына құлаған. Жердегі адамдар зардап шеккен жоқ. Апаттың себептерін мамандар анықтап жатыр.
Бөлісу: