Футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойындар басталады
<p>Әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталып, плей-офф кезеңіне жолдама алған барлық құрамалар белгілі болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Жарыстың шешуші кезеңінде 32 команда бақ сынайды. Құрамалар 16 жұпқа бөлініп, енді бір ғана жеңілістен турнирден шығып қалатын ойындар өтеді.
Плей-офф кезеңі 28 маусымнан 29 маусымға қараған түні басталады. Алғашқы кездесуде Канада құрамасы Оңтүстік Африкамен кездеседі.
Плей-офф кезеңінің ойын кестесі
28 маусым, 00:00 – Канада – Оңтүстік Африка
29 маусым, 22:00 – Бразилия – Жапония
30 маусым, 01:30 – Германия – Парагвай
30 маусым, 06:00 – Нидерланд – Марокко
30 маусым, 22:00 – Кот-д'Ивуар – Норвегия
1 шілде, 02:00 – Франция – Швеция
1 шілде, 06:00 – Мексика – Эквадор
1 шілде, 21:00 – Англия – Конго ДР
2 шілде, 01:00 – Бельгия – Сенегал
2 шілде, 05:00 – АҚШ – Босния және Герцеговина
3 шілде, 04:00 – Португалия – Хорватия
3 шілде, 23:00 – Аустралия – Египет
4 шілде, 03:00 – Аргентина – Кабо-Верде
4 шілде, 06:30 – Колумбия – Гана
Турнирдің келесі кезеңдері мынадай кесте бойынша өтеді:
1/8 финал – 4-7 шілде;
1/4 финал – 9-11 шілде;
1/2 финал – 14-15 шілде.
Ал әлем чемпионатының финалы және 3-орын үшін матч 18-19 шілдеге жоспарланған.