Қоғам
1 мин оқу 40

Бүгін 6 облыста аптап ыстық болады

<p><strong>&laquo;Қазгидромет&raquo; 29 маусым күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Бүгін 6 облыста аптап ыстық болады

Қазақстан аумағына солтүстік-батыс циклоны әсер етуін жалғастырады. Сондай-ақ онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер – найзағай, жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл болады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл, ҚР солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Абай облыстарында, Қарағанды облысының орталығында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Күндіз Жетісу облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының оңтүстігінде және Абай облысында 40-41 градус қатты ыстық күтіледі.

Айта кетейік, Германияда соңғы үш күнде 20-дан аса адам суға кетті. Олар аптап ыстықтың салдарынан шомылуға барған. 

Бөлісу:
Бүгін 6 облыста аптап ыстық болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар