Қытайда 5,5 балдық жер сілкінісі тіркелді
<p><span class="s1">29 маусымға қараған түні Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Гаосянь ауданында магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Жер сілкінісінің ошағы 6 шақырым тереңдікте орналасқан. Алдын ала мәлімет бойынша, табиғи апаттан қаза тапқандар жоқ. 13 адам жеңіл жарақат алып, 196 тұрғын қауіпсіз жерге эвакуацияланып, уақытша орналастыру пункттеріне жеткізілген.
Жойқын жер сілкінісі: Венесуэлада 1 000-нан астам адам қаза тапты
Оқиғаға байланысты Қытайдың сейсмологиялық басқармасы III деңгейлі төтенше жағдай енгізді. Елде төтенше жағдайларға ден қоюдың төрт деңгейлі жүйесі қолданылады. Оның ішінде I деңгей – ең жоғары қауіп деңгейі саналады.
Еске салайық, 27 маусым күні Түркістан және Жамбыл облыстарында да жер сілкінісі сезілген болатын. Мамандар жер асты дүмпуінің қарқындылығын 2 балл деп бағалаған.