Теннис
1 мин оқу 160

Елена Рыбакина WTA чемпиондық рейтингінде үшінші орнын сақтап қалды

<p>Уимблдон-2026 турнирінің негізгі кезеңі қарсаңында Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) чемпиондық жарыс рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды.&nbsp;Рейтинг көшін 4929 ұпаймен ресейлік Мирра Андреева бастап тұр. Екінші орында 4705 ұпай жинаған Беларусь өкілі Арина Соболенко орналасса, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 4497 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елена Рыбакина WTA чемпиондық рейтингінде үшінші орнын сақтап қалды

Сондай-ақ чехиялық Каролина Мухова екі сатыға жоғарылап, алтыншы орынға көтерілді. Ал америкалық Кори Гауфф пен украиналық Марта Костюк бір-бір позициядан төмендеп, сәйкесінше жетінші және сегізінші орындарға жайғасты.

Сенсациялық жеңіліс: Елена Рыбакина  «Ролан Гарростың» екінші айналымынан аса алмады

Қазақстан атынан өнер көрсететін тағы бір теннисші Юлия Путинцева рейтингте үш орынға төмендеп, 656 ұпаймен 51-орынға түсті.

Елена Рыбакина WTA 1000 турниріндегі алғашқы матчты сәтті бастады

Еске салайық, Елена Рыбакина Лондон турнирінен кейін Instagram парақшасын өшірген болатын.

Бөлісу: