Абай облысында бағалы металдарды заңсыз өндіргендер ұсталды
<p><strong>Қаржылық мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Жарма ауданында бағалы металдарды заңсыз өндіру қызметінің жолын кесті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында барлау және заңсыз өндіру жұмыстары жүргізілген үш жер анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>
Заңсыз іс-әрекеттің салдарынан топырақ беті бүлініп, оның ішінде құнарлы қабаты сыпырылып алынған. Алтын түстес металл, байытуға арналған жуу жабдығы, арнайы техника және автокөлік құралдары тәркіленді.
Қазіргі уақытта іске қатысы бар күдіктілер мен заңсыз өндірілген бағалы металдардың көлемі және келтірілген залалдың мөлшері анықталып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.
«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», делінген ақпаратта.