Президент
1 мин оқу 50

Президент Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті

<p><strong>Мемлекет басшысы Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</strong></p>

Президент Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Аркадаг Гурбангулы Бердімұхамедовтің Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ғасырлардан тамыр тартатын достыққа, тату көршілікке және өзара құрметке негізделген стратегиялық серіктестікті нығайтуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Президент Щучинск қаласындағы экосаябақтың жұмысымен танысты

Әңгімелесу барысында тараптар қазақ-түрікмен қарым-қатынасының жоғары деңгейіне назар аударып, екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен өзара ықпалдастық перспективасын талқылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Ақмола облысының Щучинск қаласында өтіп жатқан «Айбын» ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысып, сөз сөйледі.

Сондай-ақ Президент Қорғаныс министрлігіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжіне барды.

Бөлісу:
Президент Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар