Оқиға
1 мин оқу 50

Анталья – Астана рейсі сегіз сағатқа кешікті

<p>Air Astana әуе компаниясының рейсін жолаушылар сегіз сағаттан астам күтуге мәжбүр болды. Анталья &ndash; Астана бағытындағы KC216 рейсі техникалық ақауға байланысты кешіккен, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Анталья – Астана рейсі сегіз сағатқа кешікті

Ұшақ 28 маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11:25-те ұшуы керек болған. Алайда рейс кейінге шегеріліп, жолаушылар тек 19:33-те жолға аттанған.

Air Astana әуе компаниясы рейстің кешігуін растап, оған техникалық ақау себеп болғанын мәлімдеді.

«Анталья – Астана бағытындағы KC216 рейсі техникалық себепке байланысты 19:33-ке дейін кейінге қалдырылды. Жолаушыларға ыстық тамақ пен сусын берілді. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Әуе тасымалдаушысының мәліметінше, ұшақ барлық техникалық ақаулар толық жойылғаннан кейін ғана ұшуға жіберілген.

Алматыда Air Astana рейстері тұманға байланысты кешігіп жатыр

Еске сала кетейік, жыл басында ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайында 72 рейстің 10-ы кешіккен болатын. Сондай-ақ 74 ұшып келу рейсінің 8-і уақытынан кеш орындалған еді.

Бөлісу:
Анталья – Астана рейсі сегіз сағатқа кешікті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар