Заң
1 мин оқу 40

Павлодарда дүкенді тонап, полиция көлігін ұрлаған ер адам жол апатына ұшырады

Павлодар қаласында дүкенге ұрлыққа түсіп, қызметтік автокөлікті айдап кеткен күдікті ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Павлодарда дүкенді тонап, полиция көлігін ұрлаған ер адам жол апатына ұшырады

Алдын ала мәлімет бойынша ер адам мас күйінде болған. Екі бірдей заңбұзушылық жасаған күдікті Назарбаев көшесі мен Қазправда көшесі қиылысында жол-көлік оқиғасына ұшырады. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Күдіктіні саусақ ізі әшкереледі: Ақмола облысында 19 жыл бұрын жасалған ұрлықтың беті ашылды

Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге сәйкес, айдап әкетілген көлік полицияның қызметтік автокөлігі болуы мүмкін. Полиция департаменті бұл дерек бойынша қызметтік тексеру басталғанын нақтылады.

Құқық қорғау органдары ұрлық және автокөлікті заңсыз иелену (айдап әкету) баптары бойынша қылмыстық істер қозғады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұрлық, бопсалау, алаяқтық: Қарағанды облысында қылмыстық топ ұсталды

Бөлісу:
Павлодарда дүкенді тонап, полиция көлігін ұрлаған ер адам жол апатына ұшырады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар