Әлем
1 мин оқу 30

Израиль Ливанның оңтүстігіне соққы жасады

<p>Израиль әскері Ливанның оңтүстігіндегі Мадждаль-Зун ауылында әскери операция жүргізіп, &laquo;Хезболла&raquo; қозғалысына тиесілі жерасты инфрақұрылымын жойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Израиль Ливанның оңтүстігіне соққы жасады

Әскери операцияның негізгі нысанасы ұзындығы шамамен 200 метр болатын жерасты туннелі болған. Израиль тарапының мәліметінше, оның ішінде жүздеген қару-жарақ пен зымыран ұшыру қондырғылары сақталған.

Шабуыл Ливан мен Израиль шекарасындағы ахуалдың қайта шиеленісе түскен кезеңінде жасалды. Бұған дейін Израиль қорғаныс армиясы Набатия ауданында гранатометтермен қаруланған бірнеше әскеридердің көзін жойып, зымыран ұшыру қондырғысын істен шығарғанын хабарлаған еді.

Иран Израильдің Ливанға жасаған соққыларынан кейін Ормуз бұғазын қайта жапты

Әзірге Ливан билігі Израильдің соңғы шабуылдарына қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін екі ел билігі ортақ келісімге қол жеткізгенімен, бейбіт ымыра ұзаққа бармады. Бейбіт келісімнің орнағанына апта өтпей-ақ Израиль әскері Ливанның ЮНЕСКО мұраларының тізіміне енетін тарихи нысандарын талқандап, ғимараттарға зақым келтірген.

Бөлісу:
Израиль Ливанның оңтүстігіне соққы жасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар